Дүйсенбі, Қыркүйек 21, 2020
Жұма, 07 Ақпан 2020 19:50

Демалыс күндері ауа райы қандай болады? Таңдаулы

| Автор: 

Синоптиктер 8-10 ақпан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылиды.

"Қара теңіздік циклон күндіз 7 ақпанда Батыс Қазақстанға жылжиды да таңертең Солтүстік Қазақстанға жылжып, салдарынан қар жауып, екпінді жел болуы мүмкін. Циклон мен фронттардың артынан Қазақстанға солтүстік теңіз акваторияларынан арктикалық суық ауа массалары түсіп, батыс және солтүстік облыстардағы суытудың себебі болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Ал қалған аймақтарда, синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы бұрынғыдай күндіз 0…плюс 8 градус, оңтүстікте 10…15 градус, қиыр оңтүстікте плюс 20 градусқа дейін болжанады.

Оқылды 120 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: 18 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті »

Кіру or Тіркелу