Бейсенбі, Желтоқсан 03, 2020
Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 17:27

Азаматтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне өз бағасын бере алады

| Автор: 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоғамның күрделі әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында «Digital Agent» қосымшасын енгізді, - деп хабарлайды EDN.KZ.

 

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоғамның күрделі әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында азаматтармен тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін «Кері байланыс алу мәселелерді шешу тетігі» құралы негізінде «Digital Agent» қосымшасын енгізді.

«Digital Agent» (Цифрлық агент)– бұл халықтың алған қызметінің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалау және шағым жасау бойынша мобильдік қосымша. Кез келген қызмет алушы смартфонындағы Play Market немесе AppStore арқылы «Digital Agent» мобильдік қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтіп, бүкіл Қазақстан бойынша мемлекеттік ұйымдардың, соның ішінде, жұмыспен қамту орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндіктері бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау 5 балдық шкала бойынша жүргізіледі. Азаматтар қосымша арқылы қандай да бір мәселелермен байланысқаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушілерге оны шешуге 5 минут уақыт беріледі, содан кейін мәселелерді шешуге мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылауды іске асырушы орган ретінде Агенттік қосылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау критерийлерінің тізбесінде: сыпайылық, кәсіби әдеп, әкімшілік кедергілер және т. б. көзделген. Сондай-ақ, қызмет алушылар фото, видеоматериалдар жүктеп, өз пікірін қалдыра алады. Бұл қосымша электрондық және мобильді үкімет жүйесін жетілдіреді және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын оңтайландырады.

Оқылды 115 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Ө. ШӨКЕЕВ: Әлеуметтік сала басты назарда »

Кіру or Тіркелу