Дүйсенбі, Қыркүйек 21, 2020
Дүйсенбі, 17 Ақпан 2020 11:07

"Астанаға" Турая келуі мүмкін Таңдаулы

| Автор: 

«Астана» футбол клубы бельгиялық «Сент-Труйден» командасының шабуылшысы Мохамед Буйя Тураяны қатарларына қосуы мүмкін – деп хабарлайды EDN.KZ.

Турая былтыр Швеция чемпионатындағы «Юргорден» клубына жалға берілген болатын. Онда ол 25 гол соғып, чемпионаттың үздік бомбардирі атанған. Сондай-ақ, командасының Швеция чемпионатында чемпион болуына көп септігін тигізген.

Швециядағы үздік нәтижелеріне қарамастан «Сент-Труйден» футболшыдан құтылудың амалын қарастыруда. Оған футболшының тәртібі себеп болған секілді. Жаттығуға үнемі кешігіп келетін, жаттығу жұмыстарына немқұрайлы қарайтын футболшы клуб басшылығына ұнамай қалса керек. Әзірге Тураяны сатып алуға «Астана» ғана ниет білдіріпті. «Трансфермаркет» сайтының мәліметіне сенсек Сьерра-Леоне құрамасында ойнайтын Мохаммедтің бағасы 1,5 млн.еуро.

Бұл ойыншыны алматылық «Қайраттың» скауттары да нысанаға алып жүргені бұрын айтылған. Алайда алматылық клубтың бұл ойыншыға деген қызығушылығы төмендеген. Ал, елордалық клуб Тураядан өзге швециялық «Мольденің» ойыншысы Лек Джеймсқа қызығып отыр.

Оқылды 161 рет

Кіру or Тіркелу