Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Хұсайынов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді, – деп хабарлайды EDN.KZ.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысының бұл кәсіпқой рингтегі 11-жеңісі. Хұсайынов біраз жылдар бойы спорттан қол үзіп қалған еді. Мексиканың Тихуан қаласында өткен жекпе-жекте Абылайхан өзінің бабында екенін дәлелдеді. Мексикалық Мауро Лоретоны 5-раундта нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, Абылайхан Хұсайынов жақында ғана «Eye of Tiger Management» промоутерлік компаниясымен келісім-шартты үзген болатын. Қазір Хұсайынов АҚШ-та жаттығып жүр.