Дүйсенбі, Қыркүйек 21, 2020
Сейсенбі, 18 Ақпан 2020 17:10

Коронавирус пандемияға айналып кетуі мүмкін

| Автор: 

Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Қытайдағы коронавирус індетінің бүкіл әлемге таралу «қаупі» туралы айтты, деп хабарлайды EDN.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл жұмыс барысындағы болжамым, сондай-ақ іс жүзінде де қауіп бар», - деді Веран France Info радиостансасының эфирінде.

Ол Францияның барлық мүмкіндіктерді пайдалануға дайын екенін, ал денсаулық сақтау жүйесінің айтарлықтай сенімді және жақсы жабдықталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, министр виурс жұқтырған төрт науқастың Франция ауруханасында жатқанын, 80 жастағы қытайлық турист Францияда өткен аптада коронавирустан қайтыс болғанын және Қытайда қайтыс болғандар саны 1 868 адамға өскенін мәлімдеді.

Ал, пандемия деген – әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Осыған байланысты ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламалардың атқарушы директоры Майкл Райан коронавирусты пандемияға жатқыза ма деген сұраққа: «Вирустың Қытай аумағынан тыс беріліп жатқанын байқап тұрмыз ба деген сұраққа жауап беруіміз керек. Қазіргі уақытта мұндай жағдай болып жатқан жоқ», - деп жауап берген еді. .



Оқылды 149 рет

Кіру or Тіркелу