Бейсенбі, Желтоқсан 03, 2020
Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 17:13

ШЫМКЕНТТЕ "КӨКТЕМ-2020" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТЕДІ

| Автор: 

Шымкентте 25-26 ақпан аралығында "Көктем-2020" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталады, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Бұл жергілікті атқарушы органдарымен, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарымен азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығуы.

Жаттығу барысында азаматтық қорғауды қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою барысында іс-шараларды орындау бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қалалық кіші жүйесі басқару органдарының, күштерінің практикалық іс-қимылдарға әзірлігі тексеріледі.

Бірінші кезеңде іс-шаралардың тұтас кешені пысықталады: басқару органдарының басшылық және жеке құрамын хабардар ету, жинау, азаматтық қорғаныс және халықты қорғау жоспарларын нақтылау, хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру. Осы орайда 2020 жылғы 18 ақпанда Наурыз алаңында жедел ден қою жасағының құрамына кіретін азаматтық қорғау командалары мен құралымдарының дайындығы тексерілді. Іс-шара ТЖ департаменті бастығының орынбасары порлковник Ерғали Бахаевтың басшылығымен өтіп, оның барысында аумақтық құтқару және инженерлік командаларының техникасы мен жеке құрамның дайындығы пысықталды. Болуы мүмкін төтенше жағдайлар кезінде тіршілікті қамтамасыз ететін жедел ден қою жасақтың командалары мен топтары қаладағы ірі объектілердің негізінде құрылған.

Жалпы жасақтың құрамына 150 адам жеке құрам және 35 техника кіреді.
Жедел ден қою жасағы Шымкент қаласының аумағында қираған және зақымдалған ғимараттар мен құрылыстардың үйінділерінің астында қалған зардап шеккендерді іздестіруге, шығаруға, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге және көлікке жеткізуге, сондай-ақ дүлей зілзала, авариялар мен апаттардың нәтижесінде орын алған жағдайлардың салдарларын жоюға арналған.

Оқылды 954 рет

Кіру or Тіркелу