Бейсенбі, Желтоқсан 03, 2020
Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 17:17

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

| Автор: 

2019 жылдың 9 айында Шымкентке 185 370 турист қыдырып келген, деп хабарлайды EDN.KZ.

 

2019 жылы Шымкент қаласының туризмін дамытуда бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Жыл сайын Шымкент қаласына келетін туристер саны өсуде. Мысалы 2018 жылы туристер саны 178 000 адамды құраған. Ал 2019 жылдың 9 айында көрсеткіш 185 370 адамды құрап, өсу қарқыны 47,4%, оның ішінде:
1) ішкі туризм бойынша туристер саны 159 348 адамды құрайды (өсу қарқыны 43,2%);
2) келу туризмі бойынша туристер саны 26 022 адам (өсу қарқыны 79,5%).

Оқылды 221 рет

Кіру or Тіркелу