Дүйсенбі, Қыркүйек 21, 2020
Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 17:20

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 521 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ БАР

| Автор: 

521 мектепке дейінгі мекемелерде 75 386 бала қамтылған, - деп хабарлайды EDN.KZ.

 

Қазіргі таңда, қаладағы балабақшамен қамтуды қажет ететін 3-6 жас аралығындағы 68 543 баланың 67 989-ы немесе 99,1%-ы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 2019 жылдың ақпан айында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жекеменшік «Асыл бала» арнаулы балабақша-мектеп кешені іске қосылды. Балабақша ерекше білім беру қажет ететін балаларды бейімдеу, Халықаралық «UCMAS» (УСИМАС) ментальді арифметика әдістемесін үйрету бағытындағы жұмыстарды атқарады. Бүгінгі таңда аталған балабақшада 40 бала тәрбиеленуде.

Одан бөлек, 36 мемлекеттік балабақшада мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің тілдік, танымдық, шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған арнайы интеллектуалды-дамытушы ойын кешенімен жабдықталған «Интеллектум» кабинеттері ашылды.

Оқылды 149 рет

Кіру or Тіркелу