Дүйсенбі, Қыркүйек 21, 2020
Сенбі, 22 Ақпан 2020 16:44

Жалған ақша деп даурықпаңыз

| Автор: 

Өткен аптада елімізде ақша банкноттары жөнінде түсінбеушіліктер туындады. Әлеуметтік желі арқылы халық арасында жалған ақшаның көптеп кездесіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Екі түрлі болып шыққан 1000, 2000, 5000 теңгелік банконттардың суреті барлық әлеуметтік желіде қаптап кетті.

Желіде тараған суретке анықтап қарасақ, кейбір купюраларда Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылмаған. Ел арасындағы түсінбеушілік осыған байлынысты туындап отыр. Алайда Ұлттық банк өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарды. Ұлттық банктің баспасөз қызметі жалған ақпаратқа сенуге болмайтынын мәлімдеді.

– Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталған. Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, – делінген ресми мәлімдемеде.

Сондықтан да әлеуметтік желі арқылы жалған ақша туралы тараған хабарға сеніп, даурығудың қажеті жоқ.

Оқылды 171 рет

Кіру or Тіркелу