Сарыағаш қаласында ауыр жүк көлік жүргізушісі 18 жасар қызды қағып кетті, - деп хабарлайды EDN.KZ.
Бұл қайғылы оқиға ақпан айының 24-не орын алған. Өрімдей қыз Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
Сондай-ақ сот наркологиялық сараптамадан өткізу кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталған. Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданатын болады.