Бейсенбі, Желтоқсан 03, 2020
Жұма, 28 Ақпан 2020 11:13

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

| Автор: 

EDN.KZ. Қазіргі заманғы туристік индустрияның осы ерекшеліктері «Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы – 2020» жобасы аясындағы іс-шаралар тізбесін жасау кезінде ескеріліп, Орталық ипподром аумағында "Қайырымды қала - Шымкент" этноауылын салу жоспарланған.

«Шымкент қалашығы» - Қазақстан Республикасы үшін ерекшеленетін археологиялық объект және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енген. «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын ресми атап, ашық аспан астындағы мұражайдың салтанатты ашылу рәсімін өткізу де жоспарда.

Жыл бойы Шымкент қаласына гастрольдік іссапармен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты 8 ұйым, басқа облыс пен қалалардан еліміздің жетекші театрлары мен филармония ұжымдарынан жалпы 31 ұжым келеді деп күтілуде.

Оқылды 189 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

Кіру or Тіркелу