Бейсенбі, Желтоқсан 03, 2020
Сәрсенбі, 04 Наурыз 2020 10:28

ШЫМКЕНТ: А.БАЙТҰРСЫНОВ КӨШЕСІН КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

| Автор: 

EDN.KZ. Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесін көріктендіру мақсатында 200 дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып, бүгінгі таңда 170-ге жуық көшет егілді.

Қаламыздың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қазірде осы көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында, жолдың жүріс бөлігіне асфальт-бетон қабаты жаңадан төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілер жолағы салынады.

Құрылысты мердігер компания «Отырабат-Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, ирригациялық лотоктар мен жиек тастарды ауыстыру, аялдама павильондарын орнату да жоспарланған.

Оқылды 949 рет

Кіру or Тіркелу