Сейсенбі, Желтоқсан 01, 2020
Жексенбі, 12 Сәуір 2020 22:42

Коронавирустан емделіп жатқан Борис Джонсон ауруханадан шықты

| Автор: 

EDN.KZ  Коронавирусқа шалдыққан Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Лондондағы Сент-Томас ауруханасынан шықты, деп хабарлайды ВВС


Даунинг-стриттің хабарлауынша, премьер-министр дәрігерлердің кеңесі бойынша жұмысына әзірге оралмайды.

«Борис Джонсон көрсеткен көмегі үшін Сент-Томас ауруханасының барлық қызметкеріне алғыс айтты» делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.

6 сәуірде жағдайы нашарлаған премьер ауруханаға жатқызылды .


 

Оқылды 140 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Коронавирус пандемияға айналып кетуі мүмкін

Кіру or Тіркелу