Бейсенбі, Желтоқсан 03, 2020

Displaying items by tag: Шымкент

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, "Nur Otan" партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы - Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

Бөлім:  Cаясат

"Текесу" айналасын ағын сумен қамтып тұр, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов пен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Қаныбеков «Текесу» су қоймасының жұмысымен танысты. «Текесу» су қоймасы 1983 жылы құрылған. Ондағы судың сыйымдылығы – 481 мың м3-ты (қазіргі таңда 0,9м3 – 60%) құрайды. Су айдынының ауданы-160,2 мың м2, орташа тереңдігі-7,5 метр.

Су қоймасының маңында 700-ге жуық жұрты бар Текесу елдімекені орналасқан. Ауылдағы тұрғындардың дені мал және егін шаруашылығымен айналысып, ет, сүт сатады, бидай, мақсары мен жоңышқасын егеді. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға Текесу су қоймасының ролі зор. Бұл өңірдегі ірі су қоймалардың бірегейі Текесу көрші ауылдардың суармалы шаруашылығына да пайдасы тиіп тұр. Сондықтан егіс егіп, пайда көрем дейтіндер үшін мұнда ағын судан тапшылық жоқ.

Бөлім:  Туризм

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өтеді, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізеді. 2020 жылдың 27 ақпан күні 15-00-ден 17-00-ге дейін өтетін қабылдауда мемлекеттік қызметкерлерді және басқа да азаматтарды қабылдайды.

Қабылдауға 39-02-34 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады

 
Бөлім:  Қоғам

EDN.KZ. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сенбілік өтті.

Тазалық шарасына келген азаматтар Фосфоршылар сарайы маңын қыс бойына жиналған қоқыстан тазартты.

Сенбілік жұмыстарына белсене қатысқан қала жастары мен еріктілері санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.

- Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады, - дейді ұйымдастырушылар.

Бөлім:  Қоғам

EDN.KZ. Шымкенттегі «Бәйтерек Агро» АӨК-і бүгінгі таңда мал бордақылау және тауарлы сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Кешенде 1800 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы бар.

Кешеннің аумағы: 300 га егістік және жайылым (аренда), 14 га қоражайдан құралған. Кешеннің негізгі өндіріс саласы - ірі қара мал бордақылау, тауарлы сүт фермасы, сүт қабылдау, қайта өңдеу, және мал сою орны болып табылады.

Кәсіпорын тәулігіне 2 тоннаға дейін сүт қабылдап, тәулігіне 6 тоннаға дейін сүт өндіреді және 100 бас ірі қара мал сойылады. Қазіргі таңда мұнда 25 адам тұрақты, 15 адам ауысым кезінде жұмыс атқарады.

Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Бәйтерек Агро» АӨК-нің директоры Тахирбек Нишанбаев алдағы уақытта тәулігіне 5-10 тонна етті бастапқы қайта өңдеу цехын құру және 1000 бастық сүтті бағыттағы ешкі фермасын құру жоспарымызда бар дейді.

Бөлім:  Экономика

EDN.KZ. Шымкентте 2019 жылы аудандық полиция асқармаларының жанынан «бір терезе» қағидаты бойынша 4 фронт-офис ашылды.

Сонымен бірге, өткен жылы полиция департаментіне жаңадан қызметтік 109 автокөлік берілді.
Жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін 35 жерге 100-ден аса «сергек» камералары орнатылды.

Полиция қызметкерлеріне 1402 дана планшеттер берілді.
Қазіргі таңда біршама жақсы динамика бар. Атап айқанда, 2019 жылы жол-көлік оқиғалары саны - 12,2%, жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар 1,3%-ға, жарақат алғандар 6,2% төмендеді.

Бөлім:  Қоғам

Шымкент қаласында Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Аталған іс-шараға Төтенше жағдайлар департаменті кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Қамбаров, Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Б.Расулов және аудан әкімі аппаратының бас маманы Т.Оспанов қатысты.

«Шымкент Плаза» сауда ойын-сауық орталығында өткен акцияға еріктілер де жұмылдырылды. Олар сауда орталығына келушілерге арнайы дайындалған жадынамаларды таратып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, «Жолда қабылдау» акциясы барысында мамандармен тілдесіп, сұрақ қоюшылар қатары да көп болды. Олардың басым бөлігі студенттер.

Айта кетейік, мамандар өрт қауіпсіздігін сақтау, жылу беру маусымындағы өзекті мәселелер мен азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Бөлім:  Жаңалықтар

Шымкент қаласында ауылшаруашылығының көлемі ұлғайған, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Шымкент қаласында 2019 жылы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 29,5 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 6,3 пайызға артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы – 19,4 млрд. теңге, ал егін шаруашылығы – 9,4 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, мал шаруашылығында ет өнімінің көлемі 24,6%-ға, сүт – 1,3%-ға артты. 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылға қарағанда 1,0 мың га артып, 78,7 мың тонна өнім жиналған.

Сонымен қатар, күзгі дала мен жиын терім жұмыстарын жүргізуге 1 000 тонна дизель отыны бөлініп, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдеріне сәйкес 330 тоннасы берілген және қала аумағындағы шаруашылықтардың сұраныстары толық қамтамасыз етілді. Оған қоса, озық технологияны қолдану мақсатында жаңадан 13,9 га жылыжай салынып, жалпы көлемі 183,5 га жетті.

Бөлім:  Экономика

Кіру or Тіркелу