Дүйсенбі, Тамыз 02, 2021
edn

edn

EDN.KZ. Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесін көріктендіру мақсатында 200 дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып, бүгінгі таңда 170-ге жуық көшет егілді.

Қаламыздың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қазірде осы көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында, жолдың жүріс бөлігіне асфальт-бетон қабаты жаңадан төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілер жолағы салынады.

Құрылысты мердігер компания «Отырабат-Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, ирригациялық лотоктар мен жиек тастарды ауыстыру, аялдама павильондарын орнату да жоспарланған.

ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында қазақстандықтардың жекелеген санаттарына берілген қарыздар бойынша қарыздарды есептен шығару туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды EDN.KZ zakon.kz порталына сілтеме жасап.

"ҚР ПӘ өтініштерді қарауды бақылау бөліміне қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін несие бойынша қарыздық жүктемені төмендету туралы өтініштер түсіп жатыр. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2019 жылы бұл шара бір реттік негізде өткізілгенін хабарлаймыз", - делінген ҚР ПӘ Қоғамдық қабылдау комиссиясының телеграм-каналында.

Несиелік қарыздарды кешіру бойынша өткізілген соңғы ақция тек келесі шарттарды ескере отырып қаралған болатын:

  • көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толмай жатып ата-анасынан айырылған балалар;
  • несие бойынша жалпы қарызы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспайтындар;
  • негізгі борыш пен оған есептелген пайыздардан тұратын қайтарылатын қарыз сомасы 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға 300 мың теңгеден аспайтындар.

"Аталған науқан 2019 жылы аяқталды, оның нәтижесі бойынша 554 мың адамға кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша жалпы 115 млрд теңге кешірілді. Жақын арада мұндай акцияны тағы қайталау жоспарланбаған", - делінеді.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері есірткі затын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғындары, ерлі-зайыптыларды құрықтады. Белгілі болғандай, ер адам мен оның жұбайы ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында марихуана сатумен айналысқан. Күдіктілердің үйін тінту кезінде 20-дан астам сіріңке қорабы табылып,  тәркіленіп алынды. Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 100 грамм болатын "кептірілген марихуана" болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен "Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы баптың санкциясына сәйкес, күдікті жұптар  есірткіні сақтау және өткізу үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

EDN.KZ. Түркістан облысы Төлеби ауданы мектептерінің бірінде бейнебақылау камераларының арқасында мектеп дәретханасына кірген бөгде ер адам ұсталды. 

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тексеру жүргізуде. Анықталғандай, бұл азамат "орта дәрежелі мас күйінде" екі оқушы қыз болған әжетханаға кірген. Бір минут ішінде полицейлер мен мұғалімдер әрекет етіп, күдіктіні ұстаған.                                                                                  

Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Сараптама тағайындалды. Қыздардың денсаулығына еш қауіп келмеген. Күдікті қамауда. Сондай-ақ тексеру кезінде, ер азаматтың 2002 жылдан бастап психневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы анықталды.                         

Аталған мектепте бейнебақылау камералары ғимараттың ішінде, аулада, дәретхананың жанында және мектепке кіре берісте орнатылған.

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

EDN.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында министрліктерге бірқатар тапсырма берді.

Үкімет мәжілісінің селекторлық отырысына (онлайн режимде) Шымкент қаласындағы жауапты мамандар да қатысып, оларға тапсырма аясында нақты тапсырмалар жүктелді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын күшейтуді тапсырды. Әлемдегі жағдай күрделі. Өздеріңіз жақсы білетіндей, қазіргі уақытта вирус елуден астам елде анықталып, өте жылдам таралуда. Қазір Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар жоқ. Сондықтан барлық алдын алу шараларын жалғастыру керек», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Асқар Маминнің айтуына қарағанда, коронавирустың таралуы әлемдік экономикаға үлкен әсерін тигізіп отыр. Атап айтқанда, өнеркәсіп, транзит, саудаға, экспортқа кері әсері байқалуда.

«Осы ретте Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау керек. Министрліктердің атап өткен ұсыныстарын қолдаймын. Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі барлық мемлекеттік шекаралық өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, әзірленген іс-қимыл алгоритмін іске асыруға дайын болуын қамтамасыз етсін. Екіншіден, Сыртқы істер министрлігі бұған дейін жоспарланған ірі халықаралық шараларды ауыстыру бойынша ұсыныстарды енгізсін. Коронавирус инфекциясы таралған елдер үшін транзитті, электронды, туристік визаларды тоқтату қажет», - деді ол

Айта кетсек, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының келуіне және таралуына қарсы барлық шаралар қабылданып отыр. Медициналық ұйымдар сақадай сай дайын және күн сайын қалаға шетелден келген әрбір адамға мониторинг жасалады. Бұл ретте азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамыз және өтірік мәлімет таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Бүкіл сенімді ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында, әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып отырады.

EDN.KZ. Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қолға алынған бүгінгі тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысуда.
 
Сенбілік барысында дәл қазір Назарбаев даңғылында 1 мың дана ағаш көшеті отырғызылып жатыр.
Сондай-ақ Арғынбеков, Жангелдин көшелеріне, №1 автожолдың оң және сол жақ беттеріне 1 мың данадан, сондай-ақ, Қошқар ата өзені мен Дендросаябаққа 500 данадан, жалпы саны 5 500 дана ағаш көшеті отырғызылмақ.

EDN.KZ. 2016 жылы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Содан бері елімізде бұл күн айтулы мейрам болып аталып өтуде. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде еліміздегі өзге этнос өкілдері қиын кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.

Бүгін Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен мұғалімдері, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік іс-шара алдымен «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қоюмен бастау алып, қалалық этно-мәдени бірлестік өкілдерінің қолөнер бұйымдары мен қалалық кәсіпкерлер өндіретін тауарлардың көрмесімен жалғасты.

Сонымен қатар, кеңестік кезеңде Қазақстанға жер аударылған этностардың өткені мен бүгіні туралы қысқаша бейнефильм көрсетіліп, «Қазақ еліне мың алғыс!» тақырыбында театрландырылған хореографиялық қойылым ұсынылды.

Жиында сөз алған қала әкімі тәуелсіздіктің толағай табыстарына елімізді мекендеген түрлі этнос өкілдерінің де зор үлесі бар екенін жеткізді.

«Биыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленді. Біз қаламыз бен оның тұрғындарына берілген осы мүмкіндікті пайдаланып, мәдени таным-түсінігіміздің биік үлгісін баршаға көрсетуіміз керек», - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жиын соңында қаламыздың өнер майталмандары концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндермен аяқталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

EDN.KZ. Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында 2020 жылы Шымкент қаласының Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы атануына орай атқарылатын іс-шаралар бойынша жоспарланған баспасөз брифингі өтті.

Брифинг барысында спикер, қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Р.Мыңбаев «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында ТМД елдері арасындағы байланыстар мен достықты нығайту, мәдениет пен өнерді  әлемге таныту мақсатында өтетін шараларға кеңінен тоқталды.

2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» болып белгіленген болатын.

«Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» статусын ресми тапсыру салтанаты және ашылу рәсімі, ТМД елдері өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік Гала-концерті 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионында өткізу көзделуде.

Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен ТМД елдерінен 200 өнерпаз қатысатын болады. Ашылу салтанатына 18 мыңнан астам қала тұрғындары мен ТМД-ның және республиканың мәртебелі қонақтары тамашалайтын болады.

Салтанатты шара ТМД қатысушы елдерінің керуен-шеруімен басталып театрландырылған қойылыммен жалғасады. Бағдарламада көне қаламыздың тарихы мен келешегі баяндалады. 

- ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерттері, Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған салтанатты іс-шара;

  - «Жібек жолы» дәстүрлі қолөнершілерінің көрмесі;

  - ТМД елдерінің суретшілер және фотосуретшілер байқауы;

  - Драма театрлары, анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалдері;

  -  Халықаралық ақындар айтысы;

  - Алғаш рет I халықаралық «Душа Евразии»  эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі;

  - Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойларына арналған ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, кездесулер, көрмелер және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіледі.

Қазіргі заманғы туристік индустрияның осы ерекшеліктері «Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы – 2020» жобасы аясындағы іс-шаралар тізбесін жасау кезінде ескеріліп, Орталық ипподром аумағында "Қайырымды қала - Шымкент" этноауылын салу жоспарланған.

«Шымкент қалашығы» - Қазақстан Республикасы үшін ерекшеленетін археологиялық объект және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енген. «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын ресми атап, ашық аспан астындағы мұражайдың салтанатты ашылу  рәсімін өткізу де жоспарда.

Жыл бойы Шымкент қаласына гастрольдік іссапармен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты 8 ұйым, басқа  облыс пен қалалардан еліміздің жетекші театрлары мен филармония ұжымдарынан жалпы 31 ұжым келеді деп күтілуде. 

EDN.KZ. Қазіргі заманғы туристік индустрияның осы ерекшеліктері «Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы – 2020» жобасы аясындағы іс-шаралар тізбесін жасау кезінде ескеріліп, Орталық ипподром аумағында "Қайырымды қала - Шымкент" этноауылын салу жоспарланған.

«Шымкент қалашығы» - Қазақстан Республикасы үшін ерекшеленетін археологиялық объект және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енген. «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын ресми атап, ашық аспан астындағы мұражайдың салтанатты ашылу рәсімін өткізу де жоспарда.

Жыл бойы Шымкент қаласына гастрольдік іссапармен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты 8 ұйым, басқа облыс пен қалалардан еліміздің жетекші театрлары мен филармония ұжымдарынан жалпы 31 ұжым келеді деп күтілуде.

Шымкентте 40 шақты тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік пен киім-кешектер тегін таратылды, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған бұл шараны "Nur Otan" партиясы қалалық филиалы мен Дүниежүзілік мұсылмандар қайырымдылық қоры және Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері мен демеушілер қолға алды.

Ұйымдастырушылар көмек алуға келген тұрғындарды алда келе жатқан Алғыс айту күнімен құттықтап, мерекеге арнайы жасалған азық-түліктер жиынтығынан тарту таралғылар жасады.

Ұйымдастырушылар кей отбасыларына күнделікті қажетті тауарларды үйлеріне жеткізіп алу үшін жолақыларын қарастырып берді. Ал басқарма өкілдері оларды қиын жағдайға түскен отбасыларын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды.Мұқтаж отбасы мүшелері тек бір реттік көмекпен қамтылып қоймай, мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмысқа тартылып отыр. Мұндай бір реттік көмектер мұқтаж отбасыларына теңдей жүйелі түрде үлестіріледі. Себебі, мұндай жәрдемнен тұрмысы төмен отбасыларының ешқайсысы да тыс қалмауы тиіс.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында да бірнеше отбасын азық-түлікпен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады,-дейді ұйымдастырушылар.

Кіру or Тіркелу