Дүйсенбі, Тамыз 02, 2021
edn

edn

“NurOtan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында ізгі шараға қатысты, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Аудандағы Қазыбек би ауылдық округінен аз қамтамасыз етілген, облыс аумағында жүргізіліп жатқан "Қамқорлық" бағдарламасына ауданнан енгізілген көпбалалы екі отбасыға баспана кілтін табыстап, баспананың бой көтеруіне атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

“Елдегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін мұқтаж отбасыларға қолдау білдіріп, баспана салуда үлес қосқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Біз қиналған қандасымызға қолұшын созып, сүрінсе демеу болған халықпыз. Тәрбиеміз солай. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға дарыған бұл қасиетіміз ешқашан жоғалмақ емес” деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Айта кетейік, өткен жылы ауданның құрылыс саласына 4,8 млрд теңге қаралып, 2 мектеп қолданысқа берілсе, тағы 7 мектеп пен 2 тұрғын үй ағымдағы жылға өтпелі. Аталмыш салаға биылғы жылы тағы 842,4 млн теңге қарастырылып, қосымша 4 тұрғын үйдің құрылысын бастау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, өткен жылы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекенінде құны 76,8 млн теңгені құрайтын медицина мен әлеуметтік салаларда жұмыс жасайтын жас мамандарға арналған 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, аудандық «Нұғман» орталық мешітінің жанынан құрылған «Баспанаға жол» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен демеушілер есебінен Жетісай қаласынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 7,5 млн теңгені құрайтын 3 бөлмелі 3 баспана берілген.

Бүгінгі кілті тапсырылып отырған қос баспананың да құрылысы “Баспанаға жол” қайырымдылық қорының бастамасымен жүргізілген. Биылғы жылы аталған қоғамдық қор арқылы аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 96 млн теңгені құрайтын 12 баспананы тапсыру жоспарланған.

Танымал әрі сұлу әнші Жанар Дұғалова жаттығу залында белгісіз ер адаммен суретке түсіп, көпшіліктің сынына ұшырады. Желі қолданушылары оны кеудесі мен іші ашық тұратын киім киіп алғаны сөгіп жатыр. Сондай-ақ, тыңдармандар шоу-бизнес жұлдызының қасындағы азаматтың кім екенін біле алмауда, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Жанар Дұғалова бұл фотосын өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Эстрада жұлыдызының суреті желідегілерг қатты қызық болған секілді. Олар әнші арудың қасындағы жігітті оның сүйіктісі деп болжады.

"Жаңа жігітіңіз ба?" , "Қазақ жігіт табылмай қалды ма?" , "Екеуіңіз бірге жаттығып жүргендеріңіз керемет", "Дені дұрыс жігіт таба алмадыңыз ба?" , "Қасындағы шашы жалбырап тұрған жігітің бе?, "Бақытты болыңыздар" , - деп жазуда көпшілік.

Оған қоса, өнер иесінің денесін көпшілікке көрсетіп жүргені ұнамаған оқырмандар осы образы үшін қатты сын айтты.

"Ұят жоқ қазіргі қыздарымызда" , "Масқара төсің де, ішің де ашық" , "Бүкіл дене пішіндеріңді көрсетіп біттіңдер" , "Көрсетпеген қай жерің қалды аман" , "Намыс қайда? Ұят қайда?" , "Жабыстырып киіп алғаны бір бөлек, іші ашық тұр" , - дейді желідегілер.

Сондай-ақ, желі қолданушылары арасында жақсы пікір жазғандары да бар. Олар әншінің мүсініне тамсанып, жылы лебіздерін білдірген.

"Тамаша, өзіңізге қарап жүріңіз осылай" , "Фигураңыз от екен" , "Жаттығудың нәтижесі шығып жатқан сияқты" , "Дене пішініңіз әдемі" , "Ғашық еттіңіз" , "Мінсіз мүсінді әнші" , - деген олар.

 

Сарыағаш қаласында ауыр жүк көлік жүргізушісі 18 жасар қызды қағып кетті, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Бұл қайғылы оқиға ақпан айының 24-не орын алған. Өрімдей қыз Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Сондай-ақ сот наркологиялық сараптамадан өткізу кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталған. Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа  дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Бейсенбі, 27 Ақпан 2020 11:26

Джеки Чан коронавирус жұқтырды

Аты әлемге әйгілі актер Джеки Чан короновирус жұқтырды, деп хабарлайды EDN.KZ.

Қытайдың әлемге танымал актері Джеки Чан мен оның отбасы коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге алынды.

Қытайдың денсаулық сақтау органы танымал актердің отбасын қатаң бақылауға алған.

Естеріңізде болса, Джеки Чан короновирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан маманға 1 миллион юань ($142 000) беретінін хабарлаған еді.

EDN.KZ. Мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко әскерде борышын өтеп жүрген азаматтардың кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы ұсыныс білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі әскерге шақырылатындар арасында несие төлейтіндері көп. Сол себепті олар жақындарына ауыртпалық түсірмес үшін әскерге бармауға тырысып жатады. Сонымен қатар, төлем мерзімін кейінге шегеруді сұрайтындары да бар көрінеді.

Бұл туралы қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Егер шақырылушы әскерге аттанса, онда оның кредиті ата-анасы мен туыстарына беріледі. Сондықтан заңда қарыз ата-аналарға берілмеуі керек екенін назарда ұстауымыз қажет. Біз әскери қызмет кезінде кредит төлеу мерзімін бір жылға тоқтата тұруды ұсынамыз», – деді мәжілісмен.

Тимошенконың айтуынша, несиенің болуы және оның уақытылы төленбеуі немесе оның туыстарына өтуі Отан алдындағы борышын өтеп жүргендердің психоэмоционалды жағдайына теріс әсер етуі мүмкін.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, "Nur Otan" партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы - Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

Дүйсенбі, 24 Ақпан 2020 16:03

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОАУЫЛ БОЙ КӨТЕРЕДІ

EDN.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат ӘЙТЕНОВ республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат беріп, «ТМД-ның мәдени астанасы» жылына орай өтетін іс-шаралармен бөлісті.

– Шымкент – заманауи мегаполис ретінде күннен-күнге гүлденіп, еліміздің абыройын, мемлекетіміздің келбетін асқақтатып келеді. Бұл ретте, ең бастысы, қала қауіпсіздігі – басты назарымызда. Қазіргі таңда Шымкентте алғаш рет туристік полиция бөлімі құрылып жатыр. Оған Шымкент қаласы Полиция департаменті конкурс жариялап, мамандарды іріктеп алуда. Сосын қаламызда көлік көп, автотұрақтар мәселесі туындамас үшін Полиция департаментімен бірлесіп, әр ғимараттың алдында кезекшілік қоямыз. Өздеріңіз білесіздер, қаладағы полицей-лердің қызметтік көліктері де жаңаруда, «ТМД-ның мәдени астанасы» жылына орай, жақында шымкенттік тәртіп сақшыларына 100 арнайы көлік берілген еді. Ендігі ретте полицейлер де тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барынша қырағылық танытатын болады.

Тағы бір айтқым келгені, Наурыз мерекесінде еліміздің тұрғындары 4-5 күн демалатыны белгілі. Шымкентте бұл күндері жер бусанып, күн жайнап-жарқырап тұрады. Наурыз алаңында арнайы этноауыл бой көтереді. Онда қазақтың салт-дәстүрі, халқымыздың терең тарихы таныстырылады. Бұған жергілікті кәсіпкерлер де үлкен қолдау көрсетеміз деп отыр.

Ипподром алаңқайында да түрлі мерекелік шаралар, жыл сайын өтетін дәстүрлі «Ашық аспан» фестивалі болады. Осы демалыс күндеріндегі мерекеге тек Шымкент төңірегі ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен де қонақтар көптеп келеді деп ойлаймыз. Қазір біз авиатасымалдаушы компанияларға Наурыздағы мереке күндеріне қосымша рейстерді ашуға ұсыныс жасадық.

Республикалық "Егемен Қазақстан" газетіне сұхбат берген Шымкент қаласының әкімі жоспарларымен бөлісті, - деп хабарлайды EDN.KZ.

"Ең алдымен Шымкент қаласының тұрғындарын осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Шымкент – ұлтымыздың ұйытқысы, құт қонған киелі мекен! Шымкенттің ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленуі сүйікті қаламыздың дамуына, өсіп-өркендеуіне үлкен септігін тигізеді деген сенімдемін. Мән-маңызы зор бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне барша шымкенттіктер жұмыла кірісіп, атсалысуы қажет. Шымкентте «ТМД-ның мәдени астанасы» жылына орай 34 іс-шара бекітілді. Ресми ашылуын 22 наурызға жоспарлап отырмыз. Ашылу салтанаты Шымкенттегі 18 мың адам сыятын Орталық стадионда өтпек. Бұдан бөлек, осы мерейлі шарамен орайластырып, қаламызда шоқтығы биік ірі шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтсақ, ғұлама ойшыл әрі ғалым Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және кемеңгер ақынымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ғылыми конференциялар өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ТМД ЖОО-ның форумы, ТМД елдерінің опера және симфониялық оркестрлерінің фестивальдары, «Душа Евразий» фестивалі, шаттыққа толы түрлі гала-концерттер мерекенің ажарын арттыра түспек. Ұлы Жібек жолы дәстүрі қолөнер шеберлерінің көрмесі, ТМД елдері ұлттар циркінің өнерлері де көптің көңілінен шығады деген ойдамыз. Шымқаланың шырайына шырай қосатын басқа да іс-шараларды тамашалайтын боламыз. Қысқасы, Шымкенттің бүгінгі келбетін, тұрғындарының ыстық ықыласын ТМД елдеріне жан-жақты паш етсек дейміз" - деді Мұрат Әйтенов өз сөзінде.

Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады, - деп хабарлайды EDN.KZ.

 

Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тартудың, «Ашық Үкімет» қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.

Сонымен қатар Президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қаласы филиалы Instagram әлеуметтік желісінде мәлім етті, - деп хабарлайды EDN.KZ.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Өз үйім" бағдарламасы аясында пəтерлер ұсынады. Тұрғын үй кешені Шымкент қаласы Қаратау ауданы "Нұрсəт" мөлтек ауданында орналасқан. "Бақыт" тұрғын үй кешенінде (2-ші кезекте) шаршы метрі 180 000 теңгеден болатын арнайы бағамен сатылатын пәтерді алу үшін, шотыңызда алғашқы жарнасы болып, пəтерді САТУ БӨЛІМІ арқылы брондап, төлем қабілетті растап ала аласыз! Бұл бағдарламаның ерекше тұсы, атыңызда мүлік болса да үй ала аласыз!», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы пәтерді ипотекаға алу мүмкіндігі бар.

Тұрғын үй кешені бойынша Сату бөліміне хабарласып, пəтердің жобасымен таныс бола аласыз!

Мекен-жайы: Шымкент қ., Қонаев д. 38, «Рахат» тұрғын үй кешені (Appaq Ana).

Еске сала кетсек, 2019 жылы Шымкентте 524 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өсімі жағынан республикада алғашқы үштіктің қатарында. Жалпы өткен 3 жылда 1,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынған.

Кіру or Тіркелу